Саудия Қазақстанға 500 мыңнан аса қолжазба жинақталған хард дискті табыс етті

1387

Саудия Қазақстанға 500 мыңнан аса қолжазба жинақталған хард дискті табыс етті

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы құнды жәдігерлермен толықты. Орталыққа Саудияның Ислам істері министрінің кеңесшісі Доктор Мажид Бен Әбдел Әзиз Бен Насер Ат-Түрки арнайы бағдарлама бойынша жинақталған VI–VII ғасырлардан бастап бүгінгі XX ғ. дейін өмірден өткен ғалымдардың еңбегінің қолжазба көшірмесі жинақталған хард дискті табыс етті, деп хабарлайды ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Дискіде араб тілінің тарихы, мәдениеті мен әдебиеті, оқу саласындағы грамматикасы, фиқһ, хадистер, Құран тәпсірлері және үлкен топтардың шежірелерін қамтитын 3 тілдегі (араб, көнемұсылман, парсы, ағылшын) 500 мыңнан астам қолжазбалар жинақталған. Осы аталған тақырып бойынша қазақ жерінен шыққан ғұламалардың да қолжазба еңбектері, айтар болсақ, әл-Фарабидің бірнеше еңбектері және Түркістаннан, Сығанақтан шыққан ғалымдардың да еңбектері бар. Сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауидің "Шежіренассабнама" еңбегі толығымен қамтылған. Бұл қолжазбалар тек араб тілінде емес парсы, шағатай, көнетүркі тілінде және төте жазумен жазылған.

Кездесу соңында "Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы" РММ директоры Асылхан Жұмабайұлы Садуов пен Ислам істері министрінің кеңесшісі доктор Мажид Бен Әбдел Әзиз Бен Насер Ат-Түрки ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу