Саудия Қазақстанның атом өнеркәсібіне инвестиция құюды көздейді

1210

Саудия Қазақстанның атом өнеркәсібіне инвестиция құюды көздейді

Сауд Арабиясы Қазақстанның автом өнеркәсібіне инвестиция құюды жоспарлап отыр, деп мәлім етті осы елдегі Қазақстан елшісі Бақыт Батыршаев.

"Инвестицияның нақты сомасы айту қиын. Дегенмен, бұл салмақты ұсыныс екенін айтқым келеді", – деді Астанада сәрсенбі күні өткен баспасөз жиынында.

"Айталық 2005-2016 жылдары Қазақстан экономикасына Саудия 89 млн доллар инвестициялаған болса,  алдағы жылдары атом энергетикасы саласындағы мәміле немесе ынтымақтастық сомасы бұл көлемнен бірнеше есе көп болмақ", – деді дипломат.

Атап айтқанда, Батыршаев тілге тиек еткендей Саудияның 2040 жылға дейін шағын ядролық 16 реактор салу жоспары кең ауқымды өзара іс-қимыл перспективаларына жол ашады.

"Бұл елдеріміз арасында кадр даярлау, халықаралық ядролық отын банкінің мүмкіндіктерін пайдалану, "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының геологиялық жұмыс жүргізуіне, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тараптар  болашақ жобаларды нақтылауға кірісіп кетті және ынтымақтастық аясы өте кең", – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу