Саудия мұнайы Азия үшін қымбаттап, АҚШ үшін арзандайды

808

Саудия мұнайы Азия үшін қымбаттап, АҚШ үшін арзандайды

Саудия келесі жылдың қаңтар айында Азия және Солтүстік-Батыс Еуропа елдеріне экспортталатын мұнайдың бағасын көтереді. Бұл қымбатшылық "қара алтынның" барлық түрін қамтиды. Мәселен, "Араб лайт" сортының бағасы азиялық сатып алушылар үшін 0,4 долларға өсіп, Оман мен Дубай мұнайынан 1,65 долларға жоғары болмақ. Айта кетейік, бұл - 2014 жылдың қыркүйек айынан бергі ең үлкен айырмашылық. Ал АҚШ-қа жеткізілетін "қара алтын" құны керісінше арзандайды.

Ал, бүгін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,02 долларға дейін өсіп, бір баррельі 63,09 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 0,68 долларға жоғарылап, бір баррелі 57,86 доллардан сауданлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу