Сауд Арабиясы Өзбекстанға ұмра қажылық квотасының көлемін екі есеге көбейтті, деп хабарлайды kazislam.kz.
Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, бұған дейін ұмра квотасының көлемі 6 мың шамасында болған, енді – 10 мыңға арттырылды. Бұл шешім Өзбекстан діни істері комитеті басшылығы, республиканың мұсылмандар діни басқармасы өкілдері және қажылық сапары мәселелері бойынша үкіметтік серіктестердің Мекке қаласына сапары кезінде Сауд Арабиясының Al-Hidaya компаниясымен кездесуінде қабылданған.
"Кездесу қорытындысында тараптар 2018 жылдың ұмра қажылығының келісім құжатына қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2018 жылы Өзбекстанның 10 мың азаматы ұмра қажылығын өтей алады" делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу