Саудия Сирияға әскер жіберуі мүмкін

784

Саудия Сирияға әскер жіберуі мүмкін

Саудия Сирияға әскери құрамын жіберуі мүмкін. Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрі Абдель әл-Джубейр БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Егер лаңкестікке қарсы ислам одағына өтініш түссе, осындай шешім қабылдануы ықтимал. Бірақ министр Сириядағы дағдарысты шешудің жалғыз жолы келіссөздер жүргізу екенін атап өтті. Мәселен, дүйсенбі күні америкалық The Wall Street Journal газеті Дональд Трамп әкімшілігі Сириядағы америкалық күштерді ауыстыратын әскери құрамды жасақтауды қалайтыны туралы жазған болатын. Ақпаратқа қарағанда, Вашингтон бұл әскери күшті араб елдерінің одағынан құруды көздейді. Мақсат – "Ирак және Левант лаңкестік ұйымының" талқандалған Сирияның солтүстік бөлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрақтандыруды қадағалау. Ал осы аймақты қалпына келтіру үшін миллиардтаған доллар бөлуді сұраған.

Айта кетейк, 2015 жылы лаңкестікпен күресу үшін құрылған бұл одаққа бүгінде 34 мемлекет мүше.

"Біз АҚШ-пен Сириядағы дағдарыс бастала салысымен әскер жіберу туралы келіссөз жүргіздік. Обама әкімшілігі кезінің өзінде-ақ бұл елге басқа араб мемлекеттерімен бірге әскери жасақтарды жіберу туралы ұсыныс жасағанбыз. Қазір Сирияның шығысына әскер жіберу туралы мәселені талқылап жатырмыз", - дейді Саудияның сыртқы істер министрі Абдель әл-Джубейр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу