Саудия жеті елдің азаматтарына туристік виза беруді тоқтатты

781

Корольдік билігі бұның уақытша шара екенін мәлім етті. 

Саудия жеті елдің азаматтарына туристік виза беруді тоқтатты

Сауд Арабиясының туризм министрлігі коронавирус өршіп тұрған жеті мемлекеттің азаматтарына электронды туристік виза беруді уақытша шектеді. 

"Жаңа коронавирустың таралуын тежеу мақсатында Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Италия және Қазақстан азаматтарына елге кіруге уақытша тыйым салынады", – делінген ресми мәлімдемеде. 

Тағы бір жайт, бұған дейін туристік виза алғандардың да Сауд Арабиясына кіруіне тыйым салынбақ. Жергілікті билік бұның уақытша шара екенін айтып түсіндірді. Ал электронды туристік виза алуға құқылы 40 елдің тұрғындары әдеттегідей елге келіп саяхаттай алады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу