Сауд Арабиясының министрлер кабинеті елде атом энергетикасын дамыту жобасын мақұлдады, деп хабарлайды islam.kz.
Ел дамуына тың серпін беруі тиіс аталмыш жоба бірнеше бағдарлама мен бастамадан тұрады. Мұндағы мақсат ел экономикасын мұнай шикізатына тәуелділіктен аздап болса да арылту. Осы мақсатта аталған ел 2040 жылға қарай 12-ден 18 реактор салуды жоспарлап отыр. Бұл реактор елдің энергетикаға деген қажеттілігін қанағаттандыра алады.
Айта кететін тағы бір жайт, Саудия 2030 жылға қарай 9,5 ГВт э/энергиясын табиғи қуат көздерінен өндіруді көздеп отыр. Алдыға қойған мақсатқа жету үшін аталған елдің билігі мұнайға қатысы жоқ энегрия көздерін дамытуға арналған жобаға, инвестицияға қолдау білдірмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу