Саудияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер терроризм бойынша айып тағылды

1083

Саудияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер терроризм бойынша айып тағылды

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бақыт Батыршаевтың айтуынша, бүгінде ол жерде діни білім алып жүрген қазақстандықтар ислам дінінің барлық мазһабтарын оқиды. Олардың ішінде терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталғандар да бар, деп xабарлайды "ҚазАқпарат".

Бүгінде Сауд Арабиясында 95 қазақстандық студент білім алып жүр. Олардың басым бөлігі Медина ислам университетінде оқиды.

"Аталған жоғары оқу орнында төрт мазһабтың барлығы оқытылады. Енді, ол университетке әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар келіп, дәріс оқиды. Сондықтан жастардың теріс ағымда кетіп қалу қаупі бар. Ондай жағдайлар бар деп айта аламын. Оның кейбір нышандарын біз байқап та, көріп те отырмыз", – дейді Б.Батыршаев.

Елшінің сөзіне қарағанда, діни білім алып жүрген студенттерді үнемі бақылауда ұстап отырады. Ал келеңсіз жағдайлар болса, тиісті шаралар қолға алынады.

"Мәселен, биыл терроризм айыбымен біздің жеті азаматымыз ұсталды. Қазір бесеуі Қазақстанға қайтарылды. Біреуі қайтарылу үстінде. Бұдан бөлек, тағы бір азаматымызды терроризмге қатысы бар деген күдікпен тергеп жатыр. Барлығы да студенттер", – деп атап көрсетті Б.Батыршаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу