Саудияның ханзадасы Мансур бен Мукрин мен бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктер ұшақ апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан.
Апат Саудияның әуе кеңістігінде, Йемен шекарасына жақын маңда орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ ішінде тоғыз адам болған.
Ханзада Мансур бен Мукрин Асир провинциясы губернаторының орынбасары қызметін атқарған. Әзірге оқиғаның себебі анықталған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу