Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуіне, шетелге бір өзі шығуына, тек ер-азаматтар атқаратын қызметтерге жұмысқа тұруына рұқсат берілді, деп жазады islam.kz.
Арабтардың Asharq al-Awsat мерзімді басылымының хабарлауынша, Саудия билігі енді әйелдерге елдің қарулы күштер сапында әскери борышын өтеуге мүмкіндік бермек. Саудиялық әйелдер бұдан былай барлық әскери бөлімшеде (теңіз және құрлық әскерінде, барлаушылар тобында, т.б.) қызмет ете алады. Оларға қатардағы сарбаздан сержант шеніне дейін әскери мансабын қалыптастыруына мүмкіндік берілмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу