Саудиялық компания ОҚО-да құс фабрикасын салады

846

Саудиялық компания ОҚО-да құс фабрикасын салады

Оңтүстік Қазақстан облысында құс өсіретін тағы бір үлкен фабрика салынады. Оны Сауд Арабиясының "АL Ramez Group" компаниясы қаржыландырмақ. Құны 85 миллион еуроны құрайтын кәсіпорын жылына 30 мың тонна құс етін өндіреді, деп хабарлайды 24Хабар.

Сауд Арабиясы Корольдігінің шейхы Абдулла Заид әл-Мелеихи құрылыстың наурыз айында басталатынын айтты. Оған қажетті 200 гектар жер Түлкібас ауданынан бөлінген. Соның арқасында 800-дей жергілікті тұрғын тұрақты жұмысқа орналасады. 14 кешеннен тұратын тың жоба екі кезеңде жүзеге асуы тиіс. Етті тауық балапанын инкубациялық жолмен көбейтуден бастап, дайын шұжық өнімдеріне дейін өңдейтін цехтар ашылады. Құстарға қажетті жем-шөпті де өздері дайындайды. Алғашқы отандық өнім 2018 жылы шығарылмақ. Шейх-Абдулла Заид әл-Мелеихи Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы іскерлік байланыстың келешегі зор екенін атап өтті.

"Бұл өте тиімді жоба бір жағынан. Бұдан шыққан өнімдер ішкі нарықты қамтамасыз етеді Қазақстанның ішін. Одан кейін Өзбекстан, Ресей, кедендік одақ елдерінің нарығына шығарылатын болады", – деп атап өтті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің бас маманы Әбунасыр Жанбатыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу