Саудиялық ғалымдар электр энергиясын ерекше тәсілмен алудың жолын ұсынып отыр. Олар ұсынған нұсқа бойынша электр энергиясын желден алуға көмектесетін құрылғы кәдімгі батпырауыққа қатты ұқсайды, деп хабарлайды islam.kz.
Ғалымдар жел құбыры арқылы электр энергиясын өндіруді ұсынады. Жел құбырының тиімділігі оның қаншалықты биікке орналасқанына байланысты. Өйткені, түрлі биіктікте жел түрліше құбылады. Осыны ескерген саудиялық инженерлер ең оңтайлы биіктікті анықтап, жаңа тұрпатты аэроқұбырды сынақтан өткізіп жатыр. Қызығы, бұл құрылғы өздігінен жерге қона алады. Желдің соғу екпініне қарай төрт шақырым биіктікке дейін көтерілетін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу