Сауд Арабиясының 11 ханзадасы қамауға алынды. Олар король сарайында наразылық шарасын өткізген, деп хабарлайды 24.kz.
Ереуілшілер монарх отбасы мүшелерінің коммуналдық қызметі үшін төлемдері енді мемлекеттік қазынадан өтелмейтініне қарсы. Онымен қоса, туыстарының біріне шығарылған өлім жазасы үшін өтемақы талап еткен. Тұтқындалғандардың есімдері әлі жария етілген жоқ.
Айта кеткен жөн, бұған дейін корольдің отбасы мүшелері үшін қарастырылған жеңілдіктер қысқартылған болатын. Себебі мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бюджет тапшылығы туындаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу