Саудияның 11 ханзадасы мен 4 министрі қамауға алынды

867

Саудияның 11 ханзадасы мен 4 министрі қамауға алынды

Саудияның 11 ханзадасы мен 4 министр және ондаған экс-министр жемқорлыққа жол берді деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды 24.kz.

Әзірге тұтқындалғандардың аты-жөні жарияланбай отыр. Мемлекет королі Сальман бен Абдель Азиз Әл-Сауд осылайша қызметтік лауазымын асыра пайдалану әрекеттерін түп тамырымен жоюға ниетті. Сол үшін парақорлыққа қарсы ауқымды жұмыстар бастаған. 

Айта кетейік, Саудияның жемқорлыққа қарсы жоғарғы комитеті корольдің жарлығымен сенбі күні ғана жасақталды. Жаңа орган тергеу жүргізіп, күдіктілерді тұтқындауға және қамауға, тіпті қажет болса, шетелге шығуына тыйым салуға құзырлы. Сондай-ақ сенбі күні монарх экономика министрі мен ұлттық гвардия және әскери теңіз күштерінің басшыларын жаңадан тағайындаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу