Саудияның әуеден жасаған шабуылынан Йеменде 33 адам қаза тапты

597

Саудияның әуеден жасаған шабуылынан Йеменде 33 адам қаза тапты

Саудия басқаратын коалиция ұшақтары Йеменнің солтүстігіндегі Хадджа провинциясын әуеден атқылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Ассошиэйтед Пресс" агенттігінің мәліметінше, бомбалар үйлену тойы болып жатқан жерге түскен. Соққыдан 33 адам қаза тапты. 50-ден астамы жараланды. Марқұм болғандар мен жараланғандардың дені әйелдер мен балалар.

Қауіпсіздік қызметкерлері ұшақтардың бір жерді екі рет атқылағанын айтады.

Мәліметтерге қарағанда, өткен сенбі, жексенбі күндері коалиция ұшақтары Йеменге үш рет соққы жасады. Оның бірі дәл осы провинциядағы тұрғын үйдің үстіне түсіп, бір отбасының 5 бірдей мүшесі мерт болды

Айта кетейік, Йемендегі қақтығыстар басталған үш жылдың ішінде 10 мыңдай тұрғын қаза тапты. 3 мың адам бас сауғалап босып кетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебі бойынша, бүгінде елде қалған тұрғындардың 80 пайызы гуманитарлық көмекке мұқтаж.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу