Саудияның азаматтығын алған робот Астанадағы форумға қатысады

737

Саудияның азаматтығын алған робот Астанадағы форумға қатысады

Бүгін 2 шілдеде Астана Global Silk Road Жібек жолы еліндегі қала мэрлерінің форумына қатысушыларды күтіп алып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Форумға 60 елден 2 мыңнан астам қатысушы тіркелді, оның ішінде Жібек жолындағы 11 елден 70 мэр және 150 шетелдік спикерлер мен модераторлар бар.   

Қатысушылар "Белдеу және жол" бағдарламасы бойынша аймақтық экономикалық әріптестіктің жаңа механизмдерін әзірлеуді ұсынады, тартылған елдердің экономикалық гүлденуіне дем беріп, мәдени алмасу мен байланысты күшейтуге және бейбітшілік пен тұрақты даму мәселелерін талқылайды. 

Айта кетейік, іс-шараның хэдлайнері болып ерекше қатысушы – гонконгтық Hanson Robotics компаниясы жасаған гиноид София болмақ. Бұл робот кәдімгі адами мінез-құлыққа ие және адамдармен араласа алады. Ол түрлі халықаралық шаралардың танымал қонағы болған. 2017 жылдың қазан айынан София Саудияның азаматтығын алған бірінші робот. 

Форумның қорытындысынан кейін Жібек жолы елдеріне қатысты қала мэрлерінің клубын, бизнесмендер, университет, журналистер, ақындар қауымдастығын құруды жоспарлауда, сондай-ақ, әйелдер платформасы мен жастар ұйымын да құрмақ. 

Форумда "Жібек жолының алтын көпірі" архитектуралық кешенінің іргетасын қалау тарихи сәт болып қалмақ, бұл достық символын әлемге танымал қытайлық өнер қайраткері Шу Юн салған. Көпірдің ұзындығы – 28 метр. Скульптура тағдыры ортақ ғаламдық қауымдастық құру арманы мен көпшіліктің мүддесін және жауапкершілігін бейнелейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу