Саудия корольдігінің сарайы ханзада Салман бен Абдаллах бен Турки әл-Саудтың қаза болғанын жеткізді, деп хабарлайды kazislam.kz.
"Салман бен Абдаллах бен Турки әл-Сауд бақилық болды" делінген корольдік сарайы канцеляриясы хатында. Хабарламада ханзаданың қаза болу себебі туралы ешнәрсе айтылмаған.
Eremnews агенттігінің хабарлауынша, 26 жасар ханзаданың өліміне жүрек талмасы себеп болуы мүмкін. Маусым айының соңында Саудия королі Салман бен Әбдел Әзиз әл-Сауд мұрагер ханзаданы ауыстырған болатын. Оның тағайындауы бойынша мұрагерлікке 32 жастағы ұлы Мұхаммед бен Салман келді. Оны Сауд корольдік әулетіндегі отбасылық Сенім кеңесіндегі 43 мүшенің 31-і қолдады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу