Саудияның Қазақстандағы елшісінің дипломатиялық миссиясы аяқталды

858

Дахир Мутиш әл-Энази Қазақстанда жұмыс істеу ол үшін құрмет екенін айтып, бастамаларының қолдау тапқаны үшін ризашылығын білдірді.

Саудияның Қазақстандағы елшісінің дипломатиялық миссиясы аяқталды

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Саудияның Қазақстандағы елшісі Дахир Мутиш әл-Эназиді, оның елімізде дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сауд дипломаты Қазақстанда қызмет еткен жылдарда екіжақты байланыстарды нығайту бойынша жемісті жұмыс жүргізгенін атап өтті.

Министр Саудиямен халықаралық деңгейде тұрақты кездесулер мен консультациялар арқылы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Дахир Мутиш әл-Энази Қазақстанда жұмыс істеу ол үшін құрмет екенін айтып, бастамаларының қолдау тапқаны үшін ризашылығын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу