Сауд Арабиясы 2017 жылғы сәуірден бастап мұнай бағасын төмендететіндігі туралы хабар шикізат құнының барреліне 55 долларға дейін арзандауына әкеп соқты, деп хабарлайды Bloomberg-ке сілтеме жасаған LS.
Патшалық Еуропаның солтүстік-батыс елдеріне наурыздағы баға көрсеткішінен – 45-60, АҚШ-қа 10-30 центке арзанырақ саудаламақшы. Сонымен қатар сауда мұнайдың аймақтық банчмарк бағасы бойынша жүзеге асады.
"Сонымен бірге Сауд Арабиясы Жерорта теңізі елдері үшін жеңіл мұнай сұрпын барреліне 40 центке төмендетіп, ауыр сұрпының бағасын наурыздағы жеткізулермен салыстырғанда 15 центке қымбаттатпақшы", – деп атап өтеді басылым.
Ол үшін патшалық АҚШ, Еуропа және Азиядағы клиенттері үшін қара алтын құнын жоғарылатты.
Дегенмен Астана уақытымен 12 сағат 42 минутта Brent барреліне таңертеңгі 55,03 доллардан көтеріліп, 55,17 долларға саудаланды. Соңғы рет мұндай төмен баға 2017 жылдың 18 қаңтарында болды.
Ал еліміздің энергетика министрі Қанат Бозымбаев болса, еліміз мұнай өндірісін қысқартқанын мәлім етті.