Ақпаратқа сәйкес, сәуір айынан бері алғаш рет жаңа несие ресімдеген қазақстандықтардың саны азайды: шілдеге қатысты алғанда -85 мың адам. Алайда қарыз алушылар саны әлі көп. Ел бойынша олардың жалпы саны – 2,5 миллионға жуық адам, деп жазады inbusiness.kz Data Hub-қа сілтеме жасап.
"Кепілсіз тұтынушылық несие секторында құлдырау сол уақытқа қатысты алғанда бірінші рет тіркелді. Микроқарыз алушылардың саны айтарлықтай өсімді көрсеткен: шілдеге қатысты +22 мың, 443 мың адамға дейін. Автонесиелер санының өсімі жалғасып отыр. Соың есебінен олар бойынша портфельдегі келісімшарттардың жалпы саны айдың соңына қарай 400 мың данадан асты", - деп хабарлады Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасы.
Ең танымал өнім – кепілсіз тұтынушылық қарыздар шілде айына қатысты берілген қарыз сомасы бойынша төмендегені байқалады: шамамен 130 млрд теңгеге, 860 млрд теңгеге дейін. Мұнда барлық соманың жартысынан астамы қарыз алушылардың тек 10%-ына тиесілі, ал қарыз алушылардың жартысына қарыздың тек 8%-ы келеді.
Data Hub жазуынша, тамыз айында ипотека бойынша жақсы көрсеткіш байқалған: ақша бойынша +27% (191 млрд теңгеге дейін), келісімшарттар саны 25%-ға (12,7 мың бірлікке дейін) өсті.
Заңды тұлғаларға берілген қарыз сомасы күрт өскен. Бұл сома 1,6 трлн теңгені құрады. Тамыз айында бұл көрсеткіш 1,1 трлн теңге болған. Бұл – 2023 жыл үшін рекорд. Қарыз алушылар мен келісімшарт саны айтарлықтай өзгере қоймады, алайда берілген қарыздың орташа сомасы 36%-ға артып, 29 млн теңгеге жетті. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша портфель 23,5 трлн теңгені құрайды.