Сәуір айында 9 кәсіпқой боксшымыз жекпе-жек өткізеді

660

Сәуір айында 9 кәсіпқой боксшымыз жекпе-жек өткізеді

Profiboxing.kz порталы сәуір айында жекпе-жек өткізетін кәсіпқой боксшылар тізімін жасап, назарларыңызға ұсынып отыр.

6 сәуір. Ангар аренасы, КОста Меса, Калифорния, АҚШ. Руслан Мәдиев (Қазақстан, 8-0-0, 3 KO) – Рикардо Мальдонадо (Мексика, 7-6-1, 1 КО), 6 раундтық кездесу жеңіл салмақта (61,2 келі – 135 фунт) өтеді.

6 сәуір. Монреаль, Квебек, Канада. Абылайхан Құсайынов (Қазақстан, 5-0-0, 4 КО) – Кристиан Арразола (Мексика, 23-13-2, 16 КО), 6 раундтық кездесу жеңіл салмақта (61,2 келі – 135 фунт) өтеді.

6 сәуір. Монреаль, Квебек, Канада. Батыр Жүкембаев (Қазақстан, 8-0-0, 7 КО) – Косме Ривера (Мексика, 41-23-3, 28 КО), 10 раундтық кездесу жартылай орта салмақта (63,5 келі – 140 фунт) өтеді.

22 сәуір. Бокс Академиясы, Мәскеу, Ресей. Фируза Шарипова (Қазақстан, 3-1-0, 1 КО) – Виктория Котова (Ресей, debut), 8 раундтық кездесу бірінші жартылай орта салмақта (58,9 келі – 130 фунт).

9 сәуір. АҚШ, Калифорния. Бабыржан Момынов (Қазақстан, 2-0-0) – Томас Хилл (АҚШ, 6-1-0, 1 КО). 6 раундтық кездесу бірінші орта жеңіл салмақта.

15 сәуір. Коннектикут, АҚШ. Мадияр Ашкеев (Қазақстан, 7-0-0, 3 КО) – Шон Кэмерон (АҚШ, 10-2-0, 5 КО), 8 раундтық кездесу бірінші орта салмақта (69,8 келі – 154 фунт) өтеді.

15 сәуір. Коннектикут, АҚШ. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан, 1-0-0) – Обафеми Бакаре (АҚШ, 3-1-0), 6 раундтық кездесу орта салмақта (72,5 келі – 160 фунт) өтеді.

28 сәуір. Sportsmans Lodge, Студио Сити, Калифорния, АҚШ. Асхат Уәлиханов (Қазақстан, 1-1-0) – Антонио Санчес (5-4-2, 3 КО), 6 раундтық кездесу бірінші жартылай орта жеңіл салмақта (63,5 келі – 140 фунт) өтеді.

29 сәуір. Лас-Вегас, АҚШ. Бейбіт Шүменов (Қазақстан, 17-2-0, 12 КО) – Юниер Дортикос (Куба, 21-0-0, 20 КО), 12 раундтық кездесу ауыр салмақта (90,8 келі – 200 фунт) өтеді, WBA чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу