Сәуір айында банктердің несие көлемі артқан

927

Сәуір айында банктердің несие көлемі артқан

Үстіміздегі жылдың сәуір айында банктердің Қазақстан экономикасына беретін несие көлемі артқан. Бұл туралы nationalbank.kz хабарлайды.

2017 жылдың сәуірінде заңды тұлғаларға берілген несие көлемі 0,5 пайызға (8 трлн 506,1 млрд теңгеге дейін), ал жеке тұлғалар несиесі  1,1 пайызға (4 трлн 82,8 млрд теңгеге дейін) өсті.

Ұлттық валютадағы несие 8 трлн 814,4 млрд теңгеге дейін (0,9%) жоғарылады. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,5 пайызға, ал жеке тұлғалардың несиесі 1,4 пайызға артқан. Ал шетел валютасындағы несие көлеміндегі өсім 0,2 пайыз (3 трлн 774,5 млрд теңгеге дейін) болды. Оның ішінде заңды тұлғалар несиесі — 0,4 пайызға өсіп, жеке тұлғалар несиесі — 1,3 пайызға төмендеген.

2017 жылдың сәуір айының соңында ұзақ мерзімді кредиттердің мөлшері 1,2 пайызға (10 трлн 489,4 млрд теңге) артып, қысқа мерзімді несие мөлшері 1,8 пайызға (2 трлн 99,4 млрд теңге) түскен.

2017 жылдың сәуірінде шағын кәсіпкерлік субъектілері 3 тлрн 62,2 млрд теңгеге (өсім 0,5) дейін несиелендірілді.

Банк несиелерінің негізгі бөлігі салалық өндірістерге берілді. Олар: сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 19,7%), өндіріс (14,2%), құрылыс (7,6%), ауыл шаруашылығы (5,9%) және транспорт (4,5%).

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу