Сәуір айында Қазақстан халқының саны 20,3 мың адамға өскен және 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 18 млн 468, 9 смың адамды құрады, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.
Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстан халқы санының табиғи өсуі 80 873 адам болған. Демографиялық өсудің басқа да сипаттары бойынша елдегі уақытша көрсеткіш мынадай – бала туу 126 242, өлім-жітім 45 396.
Сондай-ақ статкомитет 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде елде 38 731 неке тіркелгенін мәлім етті.
Сонымен қатар қаңтар-сәуірде 18 614 ажырасу тіркелген.
Статистика комитеті биылғы жылдың төрт айында Қазақстаннан кеткендер саны 11 516, ал елге келгендер саны 3944 екенін айтып отыр.
Осылайша, 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде елдегі көші-қонның кері сальдосы 7572 адамды құраған.