Сәуір айында Қазақстан қор биржасында 12 мың шот ашылған

853

2020 жылы бұл көрсеткіш 17 мыңнан аспаған еді.  

Сәуір айында Қазақстан қор биржасында 12 мың шот ашылған

Қазақстан қор биржасының (KASE) басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская VIII CFO саммитінде қор нарығындағы негізгі үдерістер туралы сөз қозғады. Соңғы 8 жылдағы статистикамен бөліскен спикер, былтырдан бері биржада үлкен серпіліс барын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өткен 8 жылда Қазақстан қор биржасында жылына 5 мың шоттан ашылып келді. 2020 жылы бұл көрсеткіш айтарлықтай өсіп, 17 мыңға жетті. Ал биылғы жылдың бірінші тоқсанында 120 мың шотқа тағы 17 мың шот қосылса, тек сәуірде 12 мың шот ашылды. Осылайша жеке тұлғалардың қызығушылығы артқанын байқап отырмыз", – деді Наталья Хорошевская.

Оның ойынша мұның барлығы цифрлық технологиялардың, қашықтықтан іскерлік байланыс орнату мүмкіндігінің нәтижесі.

"Сонымен қатар көптеген брокер әріптестерім қызметтерін автоматтандыруда. Мұны жасанды интеллект жүйелерінің бөлшегі деп атауға болады. Жаңа жүйе деректерді сараптап, нақты ұсыныстар жасайды", – дейді Наталья Хорошевская.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу