Сәуір айында көлік нарығы 6 есеге құлдыраған

1037

Елімізде ең көп Lada, Hyundai, Toyota,  KIA және Ravon көліктері сатылған.  

Сәуір айында көлік нарығы 6 есеге құлдыраған

Көлік нарығындағы сауда-саттық құлдырады, деп хабарлайды Atameken Business.

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" ақпарына қарағанда, наурызбен салыстырғанда сәуір айының өзінде сауда 86%-ға азайған. Бұл 6 есеге төмен көрсеткіш "Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы" есебі бойынша, 2020 жылдың 2-ші тоқсанының басында небәрі 950 бірлік авто сатылған.

Ал 2019 жылдың осы кезеңінде 5 мың 585-і сатылған болатын. Демек, жылдық құлдырау - 5,9 есеге төмен. Осылайша, сәуірдегі сауда-саттық небәрі 10 млрд теңгенің басын әрең құрап отыр. 

Бұған әрине, басты себеп – карантин. Авто салондардың бәрі жабылып, кіріссіз қалған. Ал жалпы қаңтар-сәуірде ресми дилерлер 18,4 мың автомобиль сатып, 169,3 млрд теңгеге табыс көріпті. Бұл бәрібір 2019 жылғы көрсеткіштен 4,9% аз. Авто маркаларына келсек, ең көп сатылған топ бестікте: Lada, Hyundai, Toyota,  KIA және Ravon тұр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу