Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына!
Сәуір-мамыр айларында Астанада жөндеу жұмысына байланысты бірқатар көше жабылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қабанбай батыр даңғылында су құбырларын тарту кезеңінде сәуірдің 15-інен 25-іне дейін Алматы көшесі Қабанбай батыр даңғылымен қиылысатын тұста жабылады.
26 сәуірден 10 мамырға дейін Керей-Жәнібек хандар көшесі Қабанбай батыр даңғылымен қиылысында жабылады.
10 мамырдан бастап 15 мамырға дейін Қабанбай батыр даңғылы Орынбор көшесімен қиылысатын тұста жабылады.
Бұған қоса, қаланың сол жағалауын жылумен іркіліссіз қамту мақсатында 5-кезектегі жылу магистралінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 2017 жылдың 15 сәуірінен 15 мамырына дейінгі аралықта Ш. Бейсекова көшесімен қиылысатын тұста Тілендиев даңғылында қозғалыс шектеледі, ал 16 мамырдан 26 мамырға дейін Н. Тілендиев даңғылы мен С. Сейфуллин көшесі арасында Ш. Бейсекова көшесінде қозғалыс шектеледі.
Бұл аудандарда кәріз жүйелері мен су құбыры жөнделеді.
1 маусымға дейін мына көшелерде орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі: Хусейн бен Талал көшесі – Тұран даңғылынан Мәңгілік ел даңғылына дейін; Республика даңғылы – Сейфуллин көшесінен "Рамстор" СҮ орамына дейін; "Арыс" көпірі (М3) – Мәңгілік ел даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейін; Байтұрсынов көшесі – Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін; Тәуелсіздік даңғылы – Тәшенов көшесінен Мұңайтпасов көшесіне дейін; "Салтанат сарайы" ауданындағы жол.
Сонымен қатар: Рысқұлов көшесі – Қабанбай батыр даңғылынан Мәнгілік ел даңғылына дейін; Дипломатиялық қалашық – Қонаев көшесінен Сарайшық көшесіне дейін – Тұран даңғылының бойындағы екінші дәрежелі жол – Сарайшық көшесінен Қорғалжын тасжолына дейін мейрамхана кешендерінің бойындағы жол квадраты, "Сарыарқа" СОСО-дан Keruen City СОСО-ға дейін; Амман көшесі – Шарль де Голль көшесінен Алиев көшесіне дейін – Тәуелсіздік даңғылы – Момышұлы даңғылынан Майлин көшесіне дейін – Қонаев көшесі – Қабанбай батыр даңғылынан "Ақордаға" дейін – Достық көшесі – Тұран даңғылынан "Ақордаға" дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі.