Сәуірде 1 млн-нан астам азаматқа коронавирусқа қарсы екпе салынады

1234

Республика бойынша халықты КВИ-ге қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау жалғасуда.

Сәуірде 1 млн-нан астам азаматқа коронавирусқа қарсы екпе салынады

Бүгінгі күні еліміздің өңірлеріне 145 мың доза вакцина жеткізілді, ал наурыздың соңына дейін қосымша 150 мың дозаны жеткізу күтілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша 100 мыңнан астам адам егілді, оның ішінде 63 мыңнан астамы – медицина қызметкері, 22 мың – педагог, күш құрылымдарының 7 мың қызметкері, 8 мың – азаматтардың басқа санаттары.

Иммундаудан кейін ауыр жағдайлар тіркелмеген. Бұл ретте егілген адамдардың 1%-ында күтілетін реакциялар: дене қызуы көтерілу, тұмауға ұқсас жай-күйлер, жалпы әлсіздік, сондай-ақ вакцина енгізілген жердің ісінуі, қызаруы.

Халықты одан әрі иммундау мақсатында биылғы жылдың сәуір айында 1 млн астам азамат вакцинацияланатын болады.

Осыған байланысты созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған, 65 жастан асқан адамдарды, сондай-ақ азаматтардың басқа да санаттарын қоса алғанда, вакцинациялауға жататын халық топтарын кеңейту көзделуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу