Сәуірде 2 млн адамды вакцинациялауға жететін препараттар жеткізіледі

797

Оның 910 мың дозасы "Спутник V", 25 мың доза отандық "QazVac" вакцинасы және 500 мың доза басқа өндірушілердікі. 

Сәуірде 2 млн адамды вакцинациялауға жететін препараттар жеткізіледі

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі  Марат Шоранов вакцинация жүргізу барысы туралы сөз қозғады. Оның айтуынша сәуірден бастап екпе салуға жататын адамдар санаттары кеңейтілді, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасуда. Кестелерді жергілікті атқарушы органдар жасайды. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 435 мың азамат егілді, екінші компонентпен – 107 мыңнан астам қазақстандық егілді. Сәуір айының басынан бастап өңірлерге "Спутник V" вакцинасының 923 мыңнан астам дозасы жеткізілді, сәуір айының соңына дейін 910 мың доза, басқа өндірушілердің 500 мың дозасы және 25 мың "QazVac" вакцинасын жеткізу күтілуде. Бұл елдің шамамен 2 млн азаматына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді", – деді Марат Шоранов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу