Сәуірде әлемдік валюта нарығында тыныштық байқалды

Дамушы нарықтардағы валюталардың индексі 0,4%-ға аздап төмендеді.

Сәуірде әлемдік валюта нарығында тыныштық байқалды Фото: 7kun.kz

Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты. 

"Наурыз айымен салыстырғанда, сәуірде сыртқы нарықтағы жағдайлардың құбылмалылығы төмен болды. АҚШ пен ЕО банк жүйесінің тәуекелдеріне қатысты қауіптенуі бәсеңдеп, ФРЖ саясатын күшейту циклінің жақын арада аяқталуы жөніндегі күтулердің аясында әлемдік валюта нарығында тыныштық байқалды. Дамыған және дамушы елдердің валюталары бір ай ішінде нақты бағытсыз өзгеріп отырды", – деді сарапшы. 

Сәуір айының қорытындысы бойынша, DXY индексі 0,8%-ға әлсіреді, сондай-ақ, дамушы нарықтардағы валюталардың индексі 0,4%-ға аздап төмендеді.

"Сәуір айында инвесторлардың тәуекелді активтерге сұранысы акциялар нарығын қолдады. Құбылмалылықтың бәсеңдеуі аясында MSCI World индексі бір айда 1,6%-ға ұлғайды. VIX индексі өткен айдың соңына қарай жылдық ең төменгі деңгейге – 16 тармаққа дейін төмендеп, нарыққа қатысушылардың оң динамиканың жалғасуына деген сенімін көрсетті", – деді Әлия Молдабекова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу