Сәуірде Atyrau Oil & Gas 2026 халықаралық мұнай-газ форумы өтеді

359

Бұл туралы Kazakh Invest ұлттық компаниясы хабарлады.  

Сәуірде Atyrau Oil & Gas 2026 халықаралық мұнай-газ форумы өтеді Фото: petroleumjournal.kz

8–10 сәуір күндері Атырау қаласында Солтүстік Каспий өңірінің ірі салалық алаңдардың бірі Atyrau Oil & Gas 2026 халықаралық көрмесі мен форумы өтеді, деп жазады inbusiness.kz cайты.

Форумға халықаралық мұнай-газ компанияларының өкілдері, сервистік ұйымдар, жабдық өндірушілері және салалық сарапшылар қатысады.

9 сәуір күні "Мұнай-газ химия кластерін және сабақтас секторларды дамытудағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың рөлі" атты стратегиялық сессия өтеді.

Сессия аясында Kazakh Invest компаниясының Атырау қаласындағы өңірлік директоры Ержан Көлбаев арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инвестиция тартудағы мүмкіндіктері туралы баяндама жасайды.

Іс-шара мұнай-газ саласындағы технологиялармен алмасу, инвестициялық жобаларды талқылау және халықаралық серіктестікті дамытуға арналған маңызды алаңдардың бірі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу