Сәуірде берілген несие көлемі 70%-ға азайды

1006

Бұл өткен жылғымен салыстырғандағы көрсеткіш.

Сәуірде берілген несие көлемі 70%-ға азайды

Finprom.kz басылымының хабарлауынша, "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасының несие беру көлемі маусымда қалпына келген. Орташа есеппен алғанада бұл бағдарлама бойынша 3 өтінімнің 2-еуі мақұлданады екен. Бірақ екінші деңгейлі кей банктер 10 үміткердің 9-ына қарыз беріп жатыр. 

Сәуірде берілген ипотекалық қарыз көлемі 17,9 млрд теңге болды. Көрсеткіш наурыздағымен салыстырғанда 66,7%-ға төмен. Ал 2019 жылдың сәуіріндегі көрсеткіштен 71,2%-ға кем. Яғни бұл – 2016 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Бүгінгі таңда 40 мың қазақстандық отбасы "7-20-25" және "Баспана Хит" бағдарламасы арқылы тұрғын үй сатып алған. Бағдарламаға қатысатын банктердің қатарында Банк ЦентрКредит, АТФБанк, Халық Банк, Сбербанк, Еуразиялық Банк, Bank RBK, Jýsan Bank и ForteBank бар.

Еске сала кетсек, премьер-министр Асқар Мамин ауданы15 млн шаршы метр тұрғын үйлерді биыл тұрғызуға тапсырма берген еді. Өткен жылы 13,1 млн шаршы метр қолданысқа берілген болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу