Сәуірде екінші деңгейдегі банктерден экономикаға берілген кредиттер 2,5%-ға өсті

Жыл басынан бері динамика 4,1%-ды құрады.  

Сәуірде екінші деңгейдегі банктерден экономикаға берілген кредиттер 2,5%-ға өсті Фото: google

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторының 2023 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы деректерін жариялады.

2023 жылғы сәуірде екінші деңгейдегі банктерден экономикаға берілген кредиттер 2,5%-ға 23,7 трлн теңгеге дейін өсті (жыл басынан бері 4,1%-ға өсу).

"Ұлттық валютадағы кредиттер 2,6%-ға 22 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 1,35%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін, оның ішінде қайта бағалау есебінен 0,4%-ға ұлғайды.

Биылғы жылдың сәуір айында корпоративтік несиелердің өсімі жеке тұлғаларға берілген несиелердің өсімінен асып түсті. Осылайша, заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2023 жылғы сәуірде 3,3%-ға 8,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бері 1,7%-ға өсу)", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу