Бұл – 2022 жылдың тамызынан бері алғашқы төмендеу. Жалпы динамикаға Алматыда бағаның 2,3%-ға төмендеуі әсер етті. Басқа өңірлерде баға өзгеріссіз қалған не аздап өскен, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Қайталама нарықтағы тұрғын үй бірден 1,5%-ға арзандады (бір шаршы үшін 505,8 мың теңгеге дейін). Бағаның төмендеуі екінші ай қатарынан байқалып отыр. Сәуір айында қайталама нарықтағы тұрғын үйдің бір шаршы метр құны Астана (-2,2%), Алматы (-2,5%), Шымкент (-0,1%) және Павлодарда (-0,8%) төмендеді. Ал, Талдықорғанда 6,8 пайызға қымбаттады", - делінген хабарламада.
Ресурстың жазуынша, пәтерлерді жалға алу құны сәуірде 0,5%-ға арзандады. Оның ішінде Астанада 2,8%-ға, Қостанайда – 1,3 пайызға, Түркістанда 3,6%-ға төмендеді. Алматыда баспананы жалдап тұру бағасы 0,6 пайызға артты.