Сәуірде ресейлік вакцинаның 2,5 млн дозасы жеткізіледі

1097

Қазақстанға сәуірде коронавирусқа қарсы вакцинаның 2,5 млн дозасы жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сәуірде ресейлік вакцинаның 2,5 млн дозасы жеткізіледі

Оның айтуынша, өңірлерге СОVID-19 вирусына қарсы вакцинаның 150 мың дозасы жеткізіліп жатыр.

"Ал сәуірде Ресейде өндірілген коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның 2,5 млн дозасы жеткізіледі. Бұл доза вакцина алғысы келетін адамдарды толық екпемен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Алекцей Цой ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар министр АҚШ, Қытай және Еуропада өндірілген коронавирусқа қарсы екпені алу бойынша көліссөз жүргізіліп жатқанын айтты.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу