Сәуірде шегіртке зиянкестеріне қарсы жұмыстар жүргізіледі – АШМ

1505

Фитосанитария саласындағы іс-шараларды қаржыландыруға 34,6 млрд теңге көзделген.

Сәуірде шегіртке зиянкестеріне қарсы жұмыстар жүргізіледі – АШМ

Сәуірде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Фитосанитария саласындағы іс-шараларды қаржыландыруға 34,6 млрд теңге көзделген. Бұл өткен жылғы деңгейден 7,2 млрд  теңгеге артық. 2019 жылы аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы іс-шаралар жүргізуге өткен жылы 3,6 млрд теңге, биыл 4,9 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Пестицидтер, оларды сақтау, тасымалдау және қолдану жөніндегі көрсетілетін қызметтер сатып алынып қойды. Сәуір айының екінші онкүндігінде оңтүстік өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізу жоспарлануда", – деді ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері туралы баяндаған министр.

Оның дерегінше, еліміздің фитосанитариялық қызметі 2018 жылы аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілер (карталар) бойынша ел аумағын өңірлендіру жұмысын жүргізді.

"Дер кезінде қабылданған шаралар шегірткелердің таралу аймағын өткен жылғы 1,9 млн гектардан ағымдағы жылы болжанып отырған 950,4 мың гектарға дейін екі есеге азайтуға мүмкіндік берді. ФАО-ның ғылыми ұсынымдарын ескере отырып, өңдеудің жаңа әдістері қолданылады. Жалпы, аса қауіпті организмдермен залалданған алаң 2016 жылғы 5,1 млн гектардан 2019 жылы 3,9 млн гектарға дейін төмендеді. Карантиндік арамшөп саналатын тікенекті алқаның таралу ошақтары толығымен жойылды. Америкалық ақ көбелек, Комсток сымыры, калифорниялық қалқаншалы сымыр және шығыс жеміс жемірі сияқты бірқатар карантиндік объектілердің таралу алаңы қысқарды", – деді Сапархан Омаров.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу