Сәуірде үстемақы алатын медицина қызметкерлерінің саны артады

882

Шамамен 35-40 мыңға жуық маманға үстемақы тағайындалуы мүмкін. 

Сәуірде үстемақы алатын медицина қызметкерлерінің саны артады

Сәуір айында үстемақы алатын медицина қызметкерлерінің саны артады. Бұл туралы 

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. 

"Күннен күнге стационарларда жатқан науқастар санының артуына байланысты сәуір айында төленетін үстемақы мөлшері де өзгереді. Болжамымызға сәйкес үстемақы алатындар қатары екі есе көбейеді. Біздің бағалауымызша 17 мыңнан – 35-40 мыңға дейін медицина қызметкеріне үстемақы тағайындалуы мүмкін", – деді Айбатыр Жұмағұлов.

Сонымен қатар ол наурыз айында үстемақының басым бөлігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының мамандарына берілгенін айтты.

"Бұл кезеңге негізгі жүктеме Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының мамандарына түсті. Сондықтан төленген 3 млрд 370 млн теңгенің 1,9 млрд теңгесі қос шаһардың медицина қызметкерлеріне тағайындалды", – деді Айбатыр Жұмағұлов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу