Бұл наурыз айымен салыстырғанда 83%, ал соңғы 9 айдың орташа деңгейінен 92% көп, деп жазады inbusiness.kz сайты naryk.kz-ке сілтеме жасап.
Алынған ақша сомасы да айтарлықтай көбейді, 38,3 млрд теңге, бұл наурыздағыдан +59%, соңғы 9 айдың орташа көрсеткішінен +70% көп. Орташа сома, тиісінше, азайып, шамамен 894 мың теңгені құрады, ол тіпті номиналды түрде кем дегенде 2023 жылдың басынан бері ең төменгі болып шықты.
Әдеттегідей, дәрі-дәрмекке қаражат алу көлемінің барлығы дерлік стоматологиялық қызметтерге алынды.
Сәуір айында зейнетақы төлемдерін емделу үшін пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізілген: атап айтқанда, стоматологиялық қызмет көрсету кезінде, емделуге дейін және емделу кезінде тісті рентгенге түсіру керектігі қарастырылған. Ондағы мақсат "емделді" деген қағазбен қаражатты шешіп алуды тыю.
Мұндай өзгерістер өткен жылдың жазынан бері талқыланып келеді, енді сәуір айының ортасында ғана оларды енгізу туралы бұйрық жарияланды. Ол айдың соңында күшіне енді, яғни ескі ережелер сәуір айының көп бөлігінде әлі күшінде болды.
Тұрғын үй мақсатында сәуірде 67,2 мың өтініш қаралды, бұл наурызбен салыстырғанда 44% артық; олардың жалпы сомасы 42,6 млрд теңгені құрады, бір айда +23% өскен.