Сәуірден бері хабарсыз болған 30 жастағы павлодарлық табылды

421

Ер адам жолда телефонын жоғалтып алып, жақындарымен байланыса алмаған.  

Сәуірден бері хабарсыз болған 30 жастағы павлодарлық табылды Фото: massaget.kz

Павлодар облысында сәуір айында үйінен шығып, содан бері хабарсыз кеткен 30 жастағы ер адам табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлім етті.

Шілде айында полицияға ер адамның анасы хабарласып, ұлының сәуірден бері үйіне оралмағанын және байланысқа шықпағанын айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ер адамның Қарағанды облысы Саран қаласының маңындағы дала аумағында жүргенін анықтады.

Белгілі болғандай, павлодарлық табыс табу үшін жұмысқа кеткен. Алайда жолда ұялы телефонын жоғалтып алған. Жаңа телефон сатып алуға қаражаты болмағандықтан, жақындарымен байланыса алмаған.

Полиция мәліметінше, ер адамға қатысты ешқандай қылмыс немесе құқық бұзушылық жасалмаған.

Полиция тұрғындарға тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерінен ұзақ уақытқа кететін болса, бұл туралы туыстары мен жақындарына алдын ала хабарлауды ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу