Сәуірдің соңына дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Делиге ұшақ ұшпайды

647

Себебі Пәкістан мен Үндістан арасындағы әуе кеңістігі жабылған.

Сәуірдің соңына дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Делиге ұшақ ұшпайды

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Пәкістан мен Үндістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Делиге Нұр-Сұлтан мен Алматыдан ұшуларды 11 және 30 сәуір аралығында тоқтатуға мәжбүр, деп хабарлайды ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті.

Комитет пен әуетасымалдаушы жағдайды мұқият бақылайды, әуе кеңістігі ашылғанда рейстерді орындауды жалғастырмақ.

"2019 жылғы 11-30 сәуірде Қазақстанға оралатын жолаушыларға әуекомпания билеттерін интерлайн-серіктестер рейстеріне қайта брондайды немесе жолаушылар билеттерін айыппұлсыз сатып алған орында немесе әуекомпанияның брондау және ақпарат орталығының сall.centre@airastana.com адресі не +7 (727) 2444477,+7 (717) 2584477 телефондары арқылы қайтара алады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу