"Қазақстан су жолдары" РМҚК ақпараттарына сүйенсек, Семей - Шүлбі ГЭС-іне 25 сәуірден бастап кеме қатынай бастайды, деп хабарлайды ustinka.kz.
Осы уақытта Семей-Майтүбек аймағындағы жолдар ашық болады. Бұқтырма және Өскемен шлюздері 4-мамырда, Жоғарғы Ертіс филиалындағы жолдар 5-мамырдан бастап ашылады.
ҚР инвестиция және даму министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, жалпы елде кеме қатынасының ашылуы 1 сәуір мен 12 мамыр аралығында жүреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу