Сәуірге қарай Pfizer вакцинасының тағы 1 млн дозасын сатып алу жоспарланған

1105

Аталған препаратты ақылы түрде сатпау туралы шешім қабылданды.  

Сәуірге қарай Pfizer вакцинасының тағы 1 млн дозасын сатып алу жоспарланған

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Pfizer препаратын тасымалдау тақырыбына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша сәуір айына қарай тағы 1 млн доза екпе сатып алу жоспарланған.

"Біз 4 млн дозадан аса Pfizer екпесін сатып алдық. Қазір вакцинаның бұл түрін салғыза алатын адамдардың нақты санаты бар. Олар:12-12жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажеттігін ескерсек, 60-тан асқан адамдарға да мүмкіндік бердік. Бұл ел халқының 1 млн-нан астам адамы деген сөз. Бұған қоса басқа да вакцина түрлері бар екенін ешкім ұмытпау керек. Екпенің қолжетімділігі туралы мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Сонымен қатар қосымша 1 млн доза препарат сатып аламыз", – деді спикер.

Айта кететіні, елімізде аталған екпені ақылы түрде салғызғысы келетін адамдар қатары артты. Ералы Тоғжанов осы мәселеге қатысты да пікір білдірді.

"Pfizer-ді ақылы түрде сатпау туралы шешім қабылданды. Сондықтан қазір ол нақты санаттар үшін ған қолжетімді. Оның ішінде 60 жастан асқандар бар. Соның орнын толтыру үшін сәуір айына қарай тағы 1 млн дозасын алғызамыз", – деп нақтылады спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу