Сауль Альварес жер сілкінісінен зардап шеккендерге 1 миллион доллар аударды

801

 Сауль Альварес жер сілкінісінен зардап шеккендерге 1 миллион доллар аударды

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес отанында болған жер сілкінісінен зардап шеккен мексикалықтарға 1 миллион доллар көлемінде көмек көрсетті, деп жазады  Qsport.kz.

Қазіргі таңда Альварес Мехикоға үш жүк көлігімен азық-түлік жіберіпті. Мұның барлығын да боксшының өзі салып жіберген. Ал "Канелоның" ағасы Ригобертоның айтуынша, Сауль жер сілкінісінен зардап шеккендерге 1 миллион доллар көлемінде көмек берген. Бұл ақша азық-түлік, дәрі-дәрімек және құрылыс материалдарына жұмсалады. 

Еске салайық, бірнеше күні бұрын Мексикада магнитудасы 7,1 баллдық жер сілкінісі болған еді. Оның салдарынан елдің бас шаһары Мехико қаласының бірнеше ғимараттары құлап, бірнеше адам қаза болды. 

Айта кетейік, Сауль "Канело" Альварес өзінің соңғы кездесуін 16 қырүйек күні қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізіп, тең түскен еді. Бұл жекпе-жектен мексикалық боксшы 15 миллион доллар көлемінде пайда тапқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу