Коронавируспен күресте отандық мамандарға ақыл-кеңес айтып, тәжірибесімен бөлісу үшін арнайы келген қытайлық мамандар қызметі үшін ақша ала ма? Онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау министрлігі өкіліне осындай сауал қойылды.
"Қазір Қытайдан келген мамандар Нұр-Сұлтан қаласындағы қонақүйге орналасып жатыр. Олар тәжірибесімен тегін бөліспек. Екі мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлескенде осылай келіскен болатын. Соған сәйкес жұмыс атқарылып жатыр", – деді Сәуле Қисықова.
Ал Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова қытайлық мамандардың елімізде 15 күн болатынын, Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларының әрқайсында 5 күннен көмек көрсетінін айтты.
Есжан Ботақара