Сәуле Қисықова: Мәскеуден келген 14 жолаушы Қазақстан өңірлеріне шашырап кеткен

2429

Миланнан коронавирус жұқтырып келген қазақстандықпен бір ұшақта болған 89 жолаушының кімдер екені анықталды.

Сәуле Қисықова: Мәскеуден келген 14 жолаушы Қазақстан өңірлеріне шашырап кеткен

Миланнан коронавирус жұқтырды делінген қазақстандықпен бір бортта келген 89 жолаушының бәрнің кім екені анықталды. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Орталық коммуникациялар қызметіндеөткен баспасөз мәслихатында осындай мәлімет айтты.

"13 наурызда Нұр-Сұлтанда Миланнан Мәскеу-Нұр-Сұлтан әуе рейсі арқылы келген әйелден коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталып, қаламызда бірінші жағдай тіркелген еді. Италия өзіңіз білетіндей эпидемиологиялық ахуал бойынша бірінша "А" санатына жатады. Бұл елден келген азаматтар міндетті түрде оқшаулануы керек. Осы ереже бойынша Қазақстан азаматы оқшаулауға алынып, лабороториялық зерттеу жүргізілді. Ол адамның коронавирусты жұқтырғаны расталды", – дедеген басқарма аталмыш әйелмен бірге ұшқан 89 жолаушының кімдер екенін атады.

"Оның ішінде 42 – Қазақстан азаматы, шетелдік 47 азаматы болған Ресей Федерациясынан – 42, Нидерланд елінен – 1, Австралиядан – 1, АҚШ-тан – 1, Украинадан – 1, Мексикадан – 1азамат бар. Осы 89 адамның бәрі де табылды. Осы адамдардың ішінде Нұр-Сұлтаннан сыртқа 35 жолаушы шығып кеткен. Оның ішінде 14-і Қазақстан ішіне тарап кеткен. Өңірлердегі әріптестерімізге олар туралы тиісті мәлімет бердік. Бүгін сағат 08.00 кезінде осы адамдарды табу бойынша тексеру жүргіздік. Аймақтарда оларды  оқшаулау бойынша жұмыс жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласында қалған 54 жолаушының 53-і елордадағы стационарларға жатқызылған. Ресейдің бір азаматы дипломатиялық шарт аясында, елшілік нота беруіне байланысты елшілік аумағында қалды. 57 адам ауруханаға толығымен жатқызылды. Толыққанды зертханалық жұмыс жүргізілді. Нәтижесі әлі зерделеніп жатыр", – деді ол.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу