Сәуле Қисықова жаңа қызметке тағайындалды

779

Сәуле Қисықова 1963 жылы 22 шілдеде дүниеге келген.  

Сәуле Қисықова жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған Сәуле Қисықова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сәуле Қисықованың қызметінен кеткенін бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растаған болатын.

"Оның міндетін уақытша Әлия Рүстемова атқарады", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі жаңа ғана Сәуле Қисықованың Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы қызметіне тағайындалғанын жариялады.

Айта кетсек, Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына тура үш жыл жетекшілік еткен. Басқарма басшылығына 2019 жылдың тамыз айында тағайындалған.

Алматы мемлекеттік медицина институтының түлегі. Медицина ғылымдарының докторы, іскерлік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын 1987 жылы Алматы облысының Орталық аудандық ауруханасында бастаған.

1994 жылға дейін сонда дәрігер-терапевт болып жұмыс істеді. 1994 жылдан 2004 жылға дейін Алматы қаласындағы №8 қалалық емхананың емдеу-профилактикалық және ақылы бөлімінің меңгерушісі болды. Ал 2004-2007 жылдар аралығында Алматы қаласындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасы" РМК отбасылық медициналық кешендер қауымдастығының жетекшісі болып еңбек етті.

2007-2012 жылдары Алматы қаласындағы ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының клиникалық ауруханасының ұйымдастырушылық және экономикалық мәселелер бойынша бас дәрігерінің орынбасары болды.

2012-2015 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы "ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының Ауруханасы" РМК бас дәрігері болып еңбек етті.

2015-2017 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы "ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының Ауруханасы" РМК басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2017-2019 жылдар аралығында Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасын басқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу