Сәуле Омарова АҚШ-тың валюта басқармасы жетекшісі қызметінен бас тартты

1027

Бұл қызметтен бас тарту туралы өтінімін Джо Байден қабылдады.

Сәуле Омарова АҚШ-тың валюта басқармасы жетекшісі қызметінен бас тартты

Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ-тың Қаржы министрлігіне қарасты валюта басқармасы жетекшісі қызметіне тағайындалудан бас тартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін АҚШ Президенті Джо Байденнің өзі Сәуле Омарованың кандидатурасын осы қызметке ұсынған болатын. Бірақ Сенатта өткен тыңдалым барысында республикашылдар Омарованы сынның астына алды. Сенат өкілі Джон Кеннеди оның бұрын коммунист болғанын, КСРО идеологиясын бойына сіңіріп өскенін алға тартып, сұрақтың астына алған еді. Сәуле Омарова болса, өзінің ешқашан коммунистер қатарында болмағанын, ал әке-шешесі кеңестік идеологиядан зардап шеккенін айтып ақталды.

"Мен Сәуле Омарованың валюта басқармасы жетекшісі қызметінен бас тарту туралы өтінімін қабылдадым", – деп жазылған Джо Байденнің мәлімдемесінде.

Сәуле Омарова 1966 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу мемлекеттік университетін, Висконсин университетін және Солтүстік-Батыс университетін оқып тәмамдаған.

Табиғат Нұрболат

Фото: senate.gov

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу