ОҚО Төлеби ауданында бір мезетте елу адамды саумалмен емдеуге қауқарлы орталық ашылды, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Бұл орталықта емделушілердің барлық дертіне қазақтың ұлттық сусыны – қымыз ем болмақ. Демалушыларға емдік өнімді әзірлеу үшін отыздан аса бие сауылады. Ал, қымызбен емдеудің бір курсы он күнді құраса, әрбір адам күндігіне бір литр саумал ішуге тиіс екен.
Жалпы құны 500 млн теңгені құрайтын орталық бір кезеңде 50-ге жуық адамды қабылдап, емдеуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, мұнда 15 азамат жұмыс істейді. Орталықта – саумалмен емдеуден бөлек, минералды ванналар, жабық бассейн, тұзды бөлме, финн моншасы, фито бар, массаж, биоптрон жарық терапиясы, атпен серуендеу қарастырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу