Саунадағы балалар лагеріне мемлекеттен 107,8 млн теңге бөлінген – депутат

Жазғы лагерьде баланың демалуына жағдай жасалмаған. 

Саунадағы балалар лагеріне мемлекеттен 107,8 млн теңге бөлінген – депутат Фото: Пикабу

Ұзынағаш ауылындағы саунадан демалыс орнына айналған "Арман дала" лагеріне Respublica партиясы атынан Нұргүл Тау, Алматы қалалық мәслихат депутаттары Қайрат Бегалин және Жалынбек Жайнарбай барып, жағдайымен танысты.

"Жазғы лагерьде баланың демалуына жағдай жасалмаған, өрескел бұзушылықтар орын алғандығына куә болдым. Лагерь ыңғайластырылған бұрынғы сауна ғимаратында орналасқан. Қызмет көрсетуші "БелРичи" ЖШС. Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес қызмет көрсету құны 107,8 млн теңге. Жоспар бойынша 1150 бала демалыспен қамтылуы тиіс", – деп жазды Нұргүл Тау өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасында. 

Мемлекеттік сатып алу процедулары қалай жүргізілгендігі төңірегінде мәселе туындауына байланысты  ол ҚР Бас прокуратурасына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне тексеру жүргізу жөнінде сауал жолдаған. 

"Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша жақын арада балалар басқа демалыс лагерлеріне жіберіледі. Бұл мәселені өз бақылауыма алдым", – деді халық қалаулысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу