Саунаның 500 шаршы метр аумағы жанып кетті

1090

2021 жылдың 23 шілдесінде сағат 00.53-те 101 кезекші пультіне Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы сауналардың бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.  

Саунаның 500 шаршы метр аумағы жанып кетті

Оқиға орнына үшінші жоғары шақырту бойынша өртке қарсы қызмет гарнизонның күштері мен құралдары дереу жіберілген, деп хабарлайды inbusiness.kz ресми өкілдің сөзіне сілтеме жасап. 

"Бірінші өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттың екінші қабаты мен шатыры жанып жатты. Қою түтін мен жолдың болмауы өрт сөндіру жұмысын қиындатты. Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт жақын маңда орналасқан ғимараттарға тараған жоқ", – деді ресми өкіл. 

Талғат Уәлидің сөзінше, өрт таңғы сағат 5-те толық сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 500 шаршы метрді құрады. 

"Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаментінің 87 қызметкері мен 17 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 8 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды", – деді Талғат Уәли. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу