Сауранда есік шығаратын цех іске қосылды

38

Сауран ауданында Ресейдің сапалы есіктерінен кем емес ішкі есіктер шығарылуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сауранда есік шығаратын цех іске қосылды Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Кәсіпкер ағайындылар Азизбек пен Бахадир Абдужалиловтар өндіріс цехын осы жылы іске қосқан.

"Люкс Двери" шағын цехтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев пен Еңбекші Диқан елді мекенінің тұрғындары және ауыл ақсақалдары қатысты.

Аталмыш цехта 60 маман жұмыс істейді. Бүгінде облыс және ауданның тұрғын үйлері мен ғимараттарға заманауи түрлі үлгідегі және әртүрлі көлемдегі есіктер сатылуда. Заманауи құрылғылармен жабдықталған цех өнімі сапалы, бағасы да қолжетімді.

Есіктің қиюын келістіріп, әдемі дүние етіп шығару тек шын шебердің қолынан келеді. "Қимылдағанның қыр асатынын" жақсы білетін Азизбек пен Бахадир кәсіптің осы түрін қолға алып, жетістікке жетуде.

Кәсіпкерлер алдағы уақытта есіктердің түрлерін көбейтіп, цех әлеуетін арттырып, көрші облыс пен қалалардан тапсырыстарды қабылдауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу